LANG_USER_MENU_CLEAR

Адалдық және парасаттылық ұранымен

BigNews.kz |Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы түсіндіріліп, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін үйрету.

Білім беру мекемелерінде өткізілген «Адалдық сағаттарында» лектор ретінде ауыл әкімдері, құрметке ие азаматтар, мектеп психологтары қатысты.

1-11 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық-қоғамға қарсы құбылыс», «Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры», «Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық» атты сынып сағаттары өтті.

5-11-сыныптар арасында «Жемқорлық-қоғам дерті» атты шығармалар байқауы өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі, адалдық қазіргі таңда адамдарға ең қажетті құндылық екендікі туралы айтылды.

Орта мектептерде өткен «Адалдық сағатында» парасаттылық, әділдік, шынайылылық туралы слайд көрсетіліп, оқушылар ой-пікірлерін ашық жеткізе білді. Сабақ барысында әдептілік,әділдік,жауапкершілік,намыс сияқты адами қасиеттерді қамтыды. Барлық сыныптарда оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханаларында «Парасаттылық деген не?» атты дөңгелек үстелдер өтті.



Дополнительное фото:
19:10
38
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: