Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі
СНКР - Kapinfo.kz | 2018 жылы «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі Қонаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары бойынша конкурсын өткізді. Конкурс қорытындысы нәтижесінде «Максдорстройсервис-21» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталды. Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары 2018 жылдан 2019 жылға өтпелі болып табылады, нысан пайдалануға қабылданған жоқ, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалғасы 2019 жылдың наурыз айына жоспарлануда.
2018 жылы оңтүстік айналма жолдан Жамбыл көшесіне дейінгі учаскесінде асфальттау жұмыстары аяқталды. Жұмыс жоспары бойынша 2019 жылы Жамбыл көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін учаскесінде жөндеу қөзделуде. Салынған асфальт төсенішінің сапасыздығынан мердігерге ескертулерді жою тапсырылды.
Бас мердігер «Максдорстройсервис-21» ЖШС-нің 2019 жылдың 30 қаңтарындағы №29 хатына сәйкес, ауа райының қолайлы жағдайлары болған уақыттан бастап мердігер өз қаржы есебінен сапасыз асфальт төсеніші бойынша ескертулерді жоятындығы бойынша кепілдеме берді. Аталған мәселе «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің қатаң бақылауында екендігін хабарлаймыз.
Комментарии