БІР МАҚСАТ ЖОЛЫНДА
Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап елімізде жүргізіліп келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының негізгі мақсаты – мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері мен институттарын құру болып табылады.
Ал, біздің қызметтегі басты мақсат – тұрғындар арасында «нөлдік төзбеушілік» танытатын, қолданыстағы күрес бағыттарын қолдаушылар қатары арттыру. Бір қуантарлығы, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және жою жолындағы азаматтық ұстанымын көрсеткен қоғам белсенділері арқасында бірыңғай күшіміз нығайтты.
Биыл облыс әкімдігі тарапынан қаражат бөлініп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 млн. теңге қаражат бөлініп, мониторингтік топ жұмысы үшін арнайы безендірілген автокөлік қолданысқа берілді. Облыс әкімінің ықпал етуімен барлық аудан, қалалардан да арнайы көліктер бөлініп, жалпы саны 25 автокөлік «көшпелі қабылдау» қызметін атқарып келеді.
Бүгінде осы көлікпен мониторингтік топ мүшелері және Департамент қызметкерлері халық көп шоғырланған орындарда және еңбек ұжымдарында азаматтарды қабылдау арқылы халықпен ашық диалог жүргізу үшін облыстың шалғайда орналасқан елді мекендерін аралап, азаматтардан 1000-ға жуық өтініштерді қабылдады.
Оның ішінде басым бөлігі тұрғын үй алу кезегі, балабақшаға кезекке тұру, автокөлік жолдардың жағдайына байланысты шағымдар, барлық өтініштер заң аясында қаралды.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек, осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті ерте жастан қалыптастыру, дамушы елдің саналы ұрпағын тәрбиелеу мақсатында мектептерде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары, колледж және ЖОО-да «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары мен жобалық кеңселері құрылып, қызу жұмыс жасауда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бір жылдың және тек бір мемлекеттік мекеменің ғана айналысатын шаруасы емес, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп жалпы халықтық деңгейде қолға алуды талап ететін күрмеуі қиын күрделі мәселе. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Бір қолдың саласындай біріге отырып жұмыс атқарсақ көздеген мақсатымызға қол жеткізетіндігіміз анық.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қоғамның тұрақтылығы мен ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз етудің кепілі екені баршамызға мәлім. Осының негізінде, Департаментпен шетел және отандық инвесторлардың құқықтарын қорғауға және осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға бағытталған «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобасы бойынша Жетісу аймағында 15 инвестициялық жоба жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 12 шетелдік (Жапон, Иран, Германия, Қытай, Түркия, Нидерланд, Польша және Ресей мемлекеттері) және 3 отандық компаниялар. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 311 млрд. теңгеге жуық.
Жоба іске қосылған уақыттан бастап кәсіпкерлер мен инвесторлар тарапынан 40-тан аса өтініштер қабылданып, заң аясында қарастырылып шешімін тапты.
Шетелдік инвесторлардан түсетін өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, көшу – қон рәсімдеріне байланысты.
Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орайластырып, облыс аумағында «Жер жаннатынаялайық, жемқорлықтан арылайық!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды. Айлық аясында облыс көлемінде 150-ден аса іс-шара өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарыққа шықты. Біздің бұл тәжірибемізді Өзіңіз де бағалап, республика көлемінде үлгі ретінде тарауына тапсырма бердіңіз.
Айлық аясында жыл басынан бері облысымыздың 20 аймағындағы әр елді мекенін қамтыған «Адал жол – Честный путь» марафоны да мәресіне жетті.
Жоғарыда атап өткен жұмыстардың нәтижесінде жетісулық 15 ауыл «Сыбайлас жемқорлықтан бос аймақ» деп жарияланды, мысалы Панфилов ауданындағы Көктал ауылы, Жамбыл ауданындағы «Қазыбек бек» бекеті және Алакөл ауданындағы Лепсі ауылы. Бұл қатардың артатынына сенім мол!
Атқарылған жұмыстардың барлығы «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының бастамасы болды. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын осы жоба аясында жетілдіріп, Алматы облысы әкімдігімен бірлесе басқа да салаларда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеміз деген сенімдеміз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев
Комментарии