ЖОЛАУШЫЛАР ПОЕЗДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
BigNews.kz |Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Адал жол» жобасы шеңберінде 2019 жылғы 30 қарашасынан бастап 2020 жылдың 4 қаңтар аралығында «Жолаушылар поездарына билет тапшылығын жою, билетсіз поезда жүруге жол жоқ!» акциясы бойынша алдағы қысқы мереке күндері қарсаңында қатынайтын жолаушылар поездарының қызмет сапасына, поездардағы жол құжатынсыз қатынайтын жолаушыларға, билет кассаларының қолдан жасайтын билет тапшылықтарына тосқауыл қою жұмыстар өткізілді.
Сондай-ақ, 2019 жылда 169 жолаушылар поезы тексеріліп,152 жол жүру құжаттарынсыз (билетсіз) жолаушылар анықталған. Бұзушылықтар бойынша тасымалдаушы заңды тұлғаларға, поезд бастықтарымен жолаушылар вагондарының жол серіктеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 2 млн 418 мың 950 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, өндірілді.
Комментарии