LANG_USER_MENU_CLEAR

Республикалық ақпараттық-үгіт насихат штабы Көксу ауданының тұрғындарымен кездесті

BigNews.kz |

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанында Республикалық ақпараттық-үгіт насихат штабы құрылды. Ақпараттық-үгіт насихат штабының негізгі мақсаты халық пен мемлекет арасында диалогтық көпір құру, сондай-ақ, өскелең ұрпақ, халық, құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Республикалық ақпараттық – үгіт насихат штабқа қоғам қайраткері, режиссер, жазушы – Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері, этнодизайнер – Ырза Тұрсынзада, Парламент Мәжілісінің депутаты – Ирина Смирнова, "Парламентаризмді дамыту Қоры" ҚҚ жетекшісі-Зәуреш Батталова және тағы да басқа белгілі қоғам қайраткерлері кірді.

2019 жылдың 28-29 қарашасында республикалық ақпараттық-үгіт насихат штабы Жетісу өңіріне іс-сапармен келіп, Алматы облысының Балпық би ауылдық округінің тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілерімен, депутаттармен және ауылдық округінің зиялы қаулы өкілдерімен кездесу өткізді.

Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ мемлекет құрудағы азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді», - деді кездесу барысында штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Бердалин Арман Тілектесұлының айтуынша, көптеген адамдар өзінің құқығын білмеу кесірінен, сол заңды бұзуға дейін барып жатады. Параны алған адам да, берген адам да тең дәрежеде жауап беретіндігін білесіздер. Осыны біз халыққа жеткізуіміз керек. Сондықтан Республикалық арнайы штаб құрылды. Төрағаның тапсырмасымен облыстарда да осындай штаб жасақталып жатыр.

22:23
58
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!