LANG_USER_MENU_CLEAR

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ХАЛЫҚ АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА СЕНІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ!

BigNews.kz |Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» деп нақты атап өтті.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департменті тарапынан нақты жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі – тұрғындарды қабылдау.

Бүгін Департамент басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету, құқықтық көмек көрсету арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мақсатында, Алматы облысының Көксу, Қаратал аудандарына жұмыс сапарымен арнайы барды. Жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілермен, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен, депутаттармен кездесу өткізіп, тұрғындарды әр түрлі мәселелермен қабылдады.

Қабылдауға жазылған аудан тұрғындарының көкейтесті мәселелері көбінесе тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа тікелей байланысты болды. мемлекет тарапынан тұрғын үй алу, кезекке тұру, балаларға арналған алаң салу, апатты жағдайдағы ағаштарды кесу, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек сияқты сұрақтар қамтылды. Бұл мәселелерді Жандос Сағындықұлы тікелей бақылауына алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берді.

Бұл жұмыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшелері де тікелей қатысты.

Бүгінгі күннің талабына сәйкес, қоғам белсенділерінен құралған Мониторингтік топ қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы көпір болып отыр. Ал бұл туралы Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын.

22:20
718
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: