LANG_USER_MENU_CLEAR

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерін

BigNews.kz |

Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды.

Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде.

«Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын.

– Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, - деп Д.Алевен айтқан болатын.

Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген.

Нидерландтық инвестор елге түрлі жабдықтар әкелген және оған Мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Техниканы қате жіктегені үшін «Green Capital Kazakhstan»-ға қазынагерлер 350 млн. теңге қосымша баж салығын есептеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсініріп бере алмаған.

Сондықтан, олар заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне, нақтырақ айтқанда, «Protecting business and investments» жобалық кеңсесіне жүгінген.

– Әрине, біз мұндай қосымша есептеулермен келіспедік және жобалық кеңсе мен облыстық әкімдікке жүгіндік. Тек осыдан кейін ғана бәрі өзгере бастады. Менің ойымша, біз жобалық кеңсе қызметкерлерінің араласуынсыз мүлдем жұмыс істей алмайтын едік,- деді «Green Capital Kazakhstan LLP» ЖШС техникалық директоры Ерлан Жаңабергенов.

Агенттікте 1 млн. долларға жуық төлем компанияны банкрот етіп, сол арқылы Ақтөбе облысын 240 жұмыс орнынан айырып, мемлекеттік бюджет жыл сайын 480 млн теңгеге азаюы мүмкін болғанын атап өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша қате жіктегені үшін аталған кәсіпорынға 350 млн. теңгеден астам қосымша кеден есептеулерін көрсеткен. Және бұл компания мен инвестициялар жөніндегі комитет арасындағы кеден салығын төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференция берілген келісім-шартқа қарамастан орын алған, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Нәтижесінде, ҚР Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы инвестор мен кеденшілер арасындағы дауды қарастырды. Айыппұл кеден салымдары тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін ғана тоқтатылды.

09:06
391
Сымбат Исрапулова

Comments

No comments yet. Yours will be first!