LANG_USER_MENU_CLEAR

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін хабарлауға көтермелеу қарастырылған

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін хабарлауға көтермелеу қарастырылған

BigNews.kz |Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
  • ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
  • аса ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына полиция қызметкерінің пара алу фактісі туралы хабарлаған Т. азаматы 70 АЕК (176750 теңге) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Биылғы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 116 азамат марапатталды, оның ішінде call-орталық арқылы 17,7 млн.теңге (17 711 080 теңге).

Сонымен қатар, Агенттік ағымдағы жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша заңнамалық бастамалар шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу мәселесін пысықтауда.

Пара немесе залал сомасы 2,5 млн.теңгеден асатын қылмыстар бойынша сот үкімімен белгіленген пара немесе келтірілген залал сомасының 10%-ін, бірақ шекті деңгейден аспайтын көлемде (мысалы, 10 млн. теңге) белгілеу ұсынылады.

Источник:
Департамент Агентства РК по противодействию коррупции по Алматинской области
12:50
779
Сымбат Исрапулова

Comments

No comments yet. Yours will be first!
Новости Партнеров: