LANG_USER_MENU_CLEAR

ЖЕТІСУ - ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР ӨЛКЕСІ

BigNews.kz |

Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Жастар тәрбиесі – қоғамның ең өзекті мәселесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды салалардың бірі. Биыл елімізде «Жастар жылы» болып жарияланды. Жастардың білімі мен кемелді болашағы қай кезде де қоғамды көп толғандыратын мәселе болған. Сондықтан қоғам өз мұрасын, мәдениетін және құндылықтарын кейінгі ұрпаққа қалдыруды алдына мақсат етіп қояды.

Осы бағытта, Жетісу-адалдық алаңы жобасы аясында, жастар арасында парасаттылық, адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаркент қаласының аудандық «Nur Otan» партия филиалы ғимаратының мәжіліс залында отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы – аялы алақан мекені» атты семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг барысында аудандық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Мұса Жансая жастармен «Отбасы» тақырыбында пікір алмаса отырып, әртүрлі психологиялық ойын-жаттығулар жүргізді.

Сонымен қатар, аталған семинар-тренингте жастар парасаттылық пен адалдық тақырыбында пікірталас өткізді.

Шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшылары қатысып, семинар-тренинг тиісті деңгейде ұйымдастырылды.



Дополнительное фото:
10:33
788
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: