ТЕМІРЖОЛДА ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!

BigNews.kz |

Ағымдағы жылдың 5-10 тамызы аралығында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысының көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе теміржолда билетсіз жүру және заңды түрде рәсімделмеген жүкті тасымалдау әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында «Адал жол» жобасы аясында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд Алматы-2-Достық, Өскемен-Алматы-1, Алматы-2-Маңғыстау, Маңғыстау-Алматы-2 бағытында жүретін пойыздардың Алматы-Үштөбе, Үштөбе-Сарөзек, Алматы-Отар аралығында өткізілді.

Іс-шара барысында, билетсіз жүрген 5 жолаушы анықталып,көліктік бақылау инспекциясымен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 623-бабы, 4-тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 2 техникалық бұзушылықтар анықталып, ең қысқа мерзімде жою үшін адалдық алаңы қызметкерлерімен ұсыным берілді.

Сонымен қатар, "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері жолаушылар арасында парасаттылыққа, адалдыққа бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осылайша, жолаушылар арасында адалдық принциптерін қалыптастырып, билетсіз жүрудің алдын алмақ!

Аталған іс-шаралар жалғасуда!

Дополнительное фото:
ТЕМІРЖОЛДА ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА! 0
16:37
105

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: