LANG_USER_MENU_CLEAR

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда

BigNews.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен egov.kz. Электронды үкімет порталы арқылы электронды қызмет алу үшін Панфилов ауданындағы Жаркент қаласы және 13 ауылдық округ әкімі аппараттары, аудандық білім бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы ғимараттарында «Электронды қызмет көрсету бұрыштары» іске қосылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының басты мақсаты – қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында egov.kz. Электронды үкімет порталын танымал ету.

Егер сіздің үйіңізде дербес компьютеріңіз болмаса, ЭЦҚ-ңыз (электронды-цифрлық қолтаңба) болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттары ғимараттарындағы «Электронды қызмет көрсету бұрыштары» арқылы электронды қызметтерді алуыңызға болады. Бұл жоба әсіресе шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын қызмет алушылар үшін өте қолайлы.

Ауылдық округ әкімі аппараттарындағы 13 маман қызмет алушыларға электронды қызмет алу үшін көмек көрсету мақсатында арнайы оқытылып, бекітілген. Қызмет алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда осы жауапты мамандардан кеңес алуға болады.

Біздің міндет – халыққа қызмет!

Источник:
Департамент Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Алматинской области
18:27
2597
Сымбат Исрапулова

Comments

No comments yet. Yours will be first!
Новости Партнеров: