LANG_USER_MENU_CLEAR

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың 20 жылдығына арналған ұрпақтар кездесуі өтті

BigNews.kz |А.ж. 18 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің және жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдар құрылуының 20 жылдығы» тақырыбына кездесу өткізілді.

Кездесудің модераторы, Департамент басшысының орынбасары Р.Братаева қоғамның үздіксіз дамуының шарты болатын, аға ұрпақтың жинақтаған мол тәжірибесін, ең маңызды және өмірде қажетті құндылықтарды жас буынғатабыстауға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге мемлекеттік қызметтің құрылуы мен дамуына көп жылдар бойы өз үлесін қосқан облыстың мемлекеттік қызмет ардагерлері - Трищ Павел Станислалович, Төлегұл Ғосман Төлегұлұлы, Тарада Тамара Николаевна қатысты.

Осындай іс-шаралар жыл сайын Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында өткізіледі. Мемлекеттік қызмет ардагерлері өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру жолдары туралы ойларын ортаға салып, жастарғаақыл айтып, кеңес береді.

Іс-шараға 60-тан астам жас мемлекеттік қызметші қатысты.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
12:22
830
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: