Кәсіпкерлер палатасы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті
BigNews.kz | Туындаған мәселелерді шешу мақсатында Жедел штаб құрылды
8 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы «Қарағаш» сауда үйінде өрт шықты. Орын алған өрт алаңы 1300 ш.м. құрады. Адам шығыны жоқ. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің (ТЖД) хабарлауынша, сауда үйінен 320 адам сыртқа көшірілген.
Кәсіпкерлер мәселесін шешу үшін және олармен байланыс орнату мақсатында облыс және қала басшылығының, Кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен Жедел штаб құрылған. Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тараптарды конструктивті диалогқа шақырып, өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді.
Осыған орай, бүгін Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Әділет Сұлтанбек пен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин өрттен зардап шеккен кәсіпкерлермен және «Қарағаш» сауда үйінің әкімшісімен кездесті. Жиынға Талдықорған әкімінің орынбасары Асқар Қожабаев, кәсіпкерлік, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, қалалық мәслихат және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сауда үйінің өкілімен кәсіпкерлер жалға алған орындарын сақтап қалу және жалға алу мерзіміне жеңілдік беру жөнінде маңызды келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жақын уақытта екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік кірістер департаментімен жеке проблемалық сұрақтар бойынша кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер шығын көлемін есептеуде.
ТЖД ақпаратынша, тиісті органдар тарапынан өрт себебі мен кінәлі азаматтарды анықталуда.
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жағдайға қатысты сауалдар туындаған жағдайда мына байланыс нөмірлерлері бойынша хабарласуды сұрайды: 8 7282 401 499, 8 771 554 8858, 8 707722 64 22.
Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі 7 ықшамауданы, Көрме кешенінің ғимараты, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан.
Комментарии