Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Департамент басшылығының, ардагерлер кеңесінің және жеке құрамының атынан келе жатқан Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл үлкен үміт пен зор сенімнің бастауы болсын, мықты денсаулық, баянды бақыт және таусылмас қуаныш әкелсін. Шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жыл ит жылы болып саналады. Ит - жеті қазынаның бірі. Жаңа жылда адал достық, тектілік пен мықтылықты тілеймін. Отбасыларыңыз бақытқа, көңілдеріңіз шаттыққа толсын. Сондай-ақ, келер жылы біздің облыстың тұрғындары және қонақтары сенімді қорғаныста болу үшін тәртіп сақшылары барлық күш-жігерлерін салатындарына сендіремін.

Барша адамзаттың сезіміне сән беретін жыл басының жақсылығы барлығымызға жұғысты болсын. Жаңа жыл елімізге тыныштық пен құт әкелсін.


Ізгі ниетпен
Алматы облысы ІІД-нің бастығы
полиция генерал-майоры
Мұрат Ұрұмханов

14:49
1638

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!