LANG_USER_MENU_CLEAR

Ұлттық ұлан сарбаздары Алматы облысында патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

Ұлттық ұлан сарбаздары Алматы облысында патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

BigNews.kz | Үстіміздегі жылдың қараша айынан бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы үш іргелі елдімекенде Ұлттық ұланның жауынгерлері тұрақты түрде патрульдеу шараларын жүргізетін болады. Атап айтқанда, аудан орталығы Есік қаласы, Қаракемер кенті мен Түрген ауылында осы өңірде орналасқан Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етпек.

- Еңбекшіқазақ – Алматы облысындағы ең ірі аудан. Халық саны 350 мыңнан асады. Мысалы тек Есік қаласының өзінде 50 мың адам тұрады. Жыл басынан бері ауданда 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Олардың көбі қоғамдық орындар мен көшелерде болған. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында биыл жыл басынан бері 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген екен. Осындай жағдайдан соң жергілікті полиция қоғамдық тәртіпті қадағалауға жәрдемдесуін сұрап, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығына хат жазды. Мәселе сараланып, ол тиімді шешілді. Осылайша, №66/54 әскери бөлімінің жауынгерлері енді аудан орталығы Есік қаласы мен Түрген және Қаракемер ауылдарында жаяу патрульдеу жасайтын болды. Бұл қылмыстың алдын алу мен оның ізін суытпай ашу өте маңызды шара. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полиция қызметіне зор көмек, - дейді бізбен сұхбатында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Марат Күштібаев.
Қала тұрғындары да бұл жаңалықты қуана қолдады. Мәселен, Есік қаласының тұрғыны Сүйімхан Нұрбаева: - Өте маңызды. Бала-шағамызға маңызды. Өсіп келе жатқан жасөспірімдерімізге маңызды. Мұндай тыныштық әрқашан болғаны жақсы. Бізге қылмыстың болмағаны керек, -деп атап өтті.
Ел айбыны – Ұлттық ұландық әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті қадағалауға тартылуы жайлы 6654 әскери бөлімінің командирі полковник Бағдәулет Оспанбеков былай деп толықтырды:
- Қадағаланатын елдімекендерде 150 адамнан жоғары жауынгер қызмет атқаратын болады. Кешкі сағат 16:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін біздің жауынгерлер Еңбекшіқазақ ауданында қызмет атқарады. Сарбаздарымыз Есік қаласы, Түрген және Қаракемер ауылында 50 бағыт бойынша жаяу патрульдеу жүргізетін болады.
Осылайша, қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жауынгерлік қызметтеріне кірісті. Мақсат – халқымыдың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, ел тыныштығын қырағы қорғау.



Источник:
https://kapshagai.kz
07:20
78
BIGNEWS

Comments

No comments yet. Yours will be first!
Новости Партнеров: