Олжас Бектенов онлайн режимде сұрақтарға жауап берді
СНКР - Kapinfo.kz |
ҚР МҚІСЖҚА «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтті.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында онлайн режимінде өткен интернет конференция барысында, азаматтардың өзекті сұрақтарына Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жауап берді.
Айта кету керек, интернет-конференция екі сағатқа созылды. Онлайн-конференция кезінде мыңға жуық адам қамтылған болатын. Агенттік төрағасының орынбасарына 8 өтініш келіп түсті.
Тұрғындарды қызықтырған сұрақтар: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 1, қызметтік әдеп нормаларын сақтау – 5, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – 2.
Агенттікте енгізіліп жатқан «Сasual Friday» тәжірибесі, мемлекеттік қызметшілермен спорт залдарға тегін бару шарттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «көмек берушілер» қызметін жою және т.б. интернет-конференцияға қатысушылар тарапынан қызығушылық тапты.
Конференция кезінде азаматтар тарапынан қойылған сұрақтардың барлығы қаралып, тиісті жауаптар берілді.
Келіп түскен сұрақтардың жауаптарымен танысу үшін төмендегі сілтемені басыңыз: https://dialog.egov.kz/conference/647
Comments