LANG_USER_MENU_CLEAR

RSS

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Дайындық бағдарламасы "Қазанат" ипподромын, кірме жолды кеңейтуді, трибуналарды күрделі жөндеуді, ат қоралар салуды, көкпарға арналған алаңдарды қамтиды. Сайтта 1xbet kz ставкалар жасаңыз.



Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Канан Каналимов елордада құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан спорт нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Бірінші нысан Ұлттық спорт университеті болды, оның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап жоғары жетістіктер спортына дейінгі үздіксіз процесін алуға ықпал ететін болады.

Роман Скляр сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спорт нысандарында болды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына спорт объектілерінің инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы айтылды.
"Бұған "Қазанат" ипподромын кеңейту, кірме жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпарға арналған алаң кіреді. Бұдан басқа, "Астана-Арена" және "Алау", "Барыс Арена" мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру қажет", – делінген хабарламада.