LANG_USER_MENU_CLEAR

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК – ҚЫЗМЕТ ҮШІН!

Тип статьи:
Авторская

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс делінген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметтік автокөлік құралдарын қызметтік емес мақсатта пайдалану фактілерін анықтау және оның алдын алу мақсатында Алматы облысының Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіп тұрады.

Мәселен, 2016 жылда рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны туралы 16 факті анықталды. Оның ішінде: 4 факті бойынша материалдар Әдеп кеңесінің отырысында қаралып, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге 1- қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 3- ескерту түріндегі тәртіптік жазалар ұсынылған болатын. Ал, 12 факті бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс хат жіберілген. Ұсынысты қарау нәтижесі бойынша 8 – ескерту, 4 – сөгіс түрінде тәртіптік жазалар қолданылған.

2017 жылға келсек, 10 ай ішінде 7 факті анықталып, ол фактілер бойынша Департаментпен қажетті шаралар қабылданып, нәтижесінде 5 – ескерту, 1 – сөгіс және 1 – жұмыстан босатылған.

Демек, әрбір мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларға қатысу қоғам тарапынан мемлекеттік қызметке деген сенімділікті арттыруға ат салысуымен тең.

Б.Азикенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бас маманы

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
1732
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!