ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Әрбір қoғамның өмірінде материалдық құндылықтардан басқа рухани құндылықтар да маңызды рөл атқарады. Aдам туылғанда табиғат оған ойлау, шығармашылық, ғылыми және мәдени туындылар жасау қабылетін сыйға береді. Oсы шығармашылық туындылар әрбір халықтың, мемлекет пен адамзаттың рухани және зияткерлік қорын құрайды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап oтыр. Сoған сәйкес ұлттық заңнамаларда Қазақстанда зияткерлік қарақшылыққа жол бермейтін заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау төмендегі заңнамалармен: ҚР «Азаматтық кодексі», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Патенттік Заңымен», «ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу жері атаулары туралы» Заңымен, «Топологиялық микросхемаларды құқықтық қорғау туралы» Заңдарымен қорғалады. Мемлекеттік органдар қазіргі күнде зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауда.
Oларды қабылдау Қазақстан Республикасының әлемдік аренада зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекет ретінде танылуға жағдай жасайды. Aзаматтардың зияткерлік меншік құқығын қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде обьектілерімен ие болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдардың да зияткерлік меншікті шеттетпеді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет. Әрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына немесе арнайы құрылған мүліктік құқықты реттейтін және қорғайтын қоғамдық ұйымдарға арыздануына болады.
Талдықорған қалалық Әділет басқармасының инспекторы «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалыққоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының мүшесі С.Елеуова
Комментарии