LANG_USER_MENU_CLEAR

Қапшағайлықтардың көптен бері күткен газдандыру жұмысы қолға алынды

BigNews.kz |Осыған байланысты әкімшіліктің кіші залында «Қапшағай аймағының газ желілері» ЖШС, ПИК, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, ішкі саясат, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары сынды бірқатар жауапты бөлімдердің қатысуымен жиын өткізілді.

Басқосу басын «Қапшағай аймағының газ желілері» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры Александр Комаров келушілерге біршама түсіндірме жұмысын жүргізді.

Сөз алушының сөзіне жүгінсек, негізі жыл басынан бері Алматыдан қалаға газ желісі тартылып, бүгінде шаһардың 8,10 шағын аудандарына құбырлар жеткізілген. Сонымен қатар, көгілдір отынға қосылса, 30 адамнан астам арнайы жөндеу тобы төтенше жағдайда жұмыс жасайтын болатынын айтып өтті.

Ал, өз кезегінде қатысушылар қосылу, оған кететін шығын, одан бөлек, қандай да бір жеңілдіктер қарастырыла ма деген сияқты сауалдар да қойылды. Жалпы, баяндамашы қазіргі талқыға түсіп жатқан мәселе әзірше жоба күйіндегі жағдай екенін түсіндірді. Сондықтан да, қапшағайлықтарды жинаудағы мақсат та сол, жергілікті тұрғындардың ойымен санасып, олардың пікірін біліп, әлі қабылдана қоймаған жоғаға өзгерістер енгізуді көздеуде екенін ашық айтты, Александр Комаров.

Осы орайда, көп қабатты үйлер 94 мың 800 теңгеге, ал, жеке тұрғын үйлер 350 мыңнан газға қосыла алатыны белгілі болды. Сондай -ақ, мамандардың орта есеппен санауы бойынша әр үй 20-30 куб отын пайдаланған болса, онда айына 1500 теңгедей төлем төлейтін көрінеді. Ал, кәдімгі газ балон бүгінде 1900 теңге тұрады.

Демек, бұл отын халыққа әлдеқайда арзанырақ түспек. Одан бөлек, тағы бір ескере кететін жайт, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар газға қосылу үшін берілетін жеңілдіктің бір түрі ол, аталған төлемді (94 мың 800 немесе 350 мың теңгені)6 ай немесе 1 жылға бөліп төлеулеріне мүмкіндіктері бар.

Осы мәселеге байланысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса 87770303483 нөміріне қабарласып, қосымша ақпарат алуларыңызға болады.



Источник:
kapshagai.kz
03:45
63
BIGNEWS

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!