LANG_USER_MENU_CLEAR

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» АТТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ

2017 жылғы 7 сәуір күні сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-басымдық бағыты және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру бағытында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында Талдықорған қаласындағы политехникалық колледж алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті.

Форумның мақсаты - акцияның облыстың басқа да аймақтарына таралып, мобильді топ жұмысын кеңінен насихаттау болды.

Қазіргі таңда облыс деңгейінде және аудандар мен қалаларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылып, көшпелі қабылдаулар ретінде жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күні Департамент жанынан құрылған мобильді топ облысымыздың Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласында көшпелі қабылдаулар өткізіп қайтты. Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында мобильді топ күнделікті жұмыс жасауда.

Мобильді топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлық көріністері немесе мемлекеттік қызмет алу барысында кедергілерге тап болған жағдайда қалай әрекет ету туралы кеңестер беріп, тұрғындардың өзге де мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Бұл науқан облыстың әр елдімекенін қамтып, жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Форум аясында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенділері өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, колледж студенттері флешмоб жасап, жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ұрандар жазылған шарларды аспанға ұшырды.

Форумда Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және «Алма ТВ» кабельді телеарнасы» ЖШС директоры Берік Бекбатыров сөз сөйлеп, аталған бастаманың облысымыздың әр елдімекені мен әр азаматына жетіп, қоғамға пайдасын әкелетін шара екенін атап өтіп, жиналған жастарға белсенділік көрсетіп, елін сүйер, парасыз болашақтың иесі болуға шақырды.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясының облыстың басқа да аймақтарына таралуы үшін эстафета ретінде аудан, қалалардың әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары қабылдап алды.

Форум аяқталысымен Департамент жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі мобильдік топ Қаратал және Кербұлақ аудандарына жол тартты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарға арнайы безендірілген автокөліктер бөлінгенін айта кеткен жөн.

Қоғам болып, азаматтық белсенділікті арттыра отырып, құқықтық білімді игерудің арқасында парасыз болашаққа бірге қадам басуымыз қажет!

16:53
1563
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: