Цифрландыруға үлкен қадам

Тип статьи:
Авторская
Цифрландыруға үлкен қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен мемлекеттік органдардың нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін жаңа технологияларды қолдануының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электрондық нысанға аудару және мемлекетті цифрландыру айрықша орынға ие. Аталған бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен (әрі қарай – Департамент) кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелер көкейтесті болып табылады. Аталмыш мәселелерді шешу бір мезетте бірнеше белестерді еңсеруге мүмкіндік береді. Олардың арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы ашықтық пен қызметтерді көрсету үрдісін оңтайландырумен қатар жемқорлық мәселесі де бар. Осыған байланысты, бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы айрықша орынға ие болып отыр.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамытуда негізгі үш бағытты бөліп көрсетуге болады:

  • Мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін оңтайландыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ашықтық;
  • Мемлекеттік қызметтерде цифрлық технологияларды қолдану, қызметтерді ұсыну мен алу барысын автоматтандыру;
  • Азаматтардың сана-сезімін жаңғырту.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету өзінің даму барысында бірнеше сатылардан өтеді. Ең бастысы мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін жайлы жағдайларды ұйымдастыру.

Ағымдағы жылы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында Қазақстанда тұңғыш «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылуы өтті. «Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелердің: білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдері және т.б. өкілдерін бір ғимаратта орналастыруға негізделеді. Әрине, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) бар кезде, тағы қызмет көрсету орталықтарын ашудың қажеті қандай деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақта орынды. Дегенмен, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы өз алдында тұрған мәселелерді шешіп, дамудың жоғары сатысына жеткен жоқ. Көптеген мемлекеттік қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) ғимараттарына бару маңыздылығын әлі де жоғалтпады. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін ЖАО ғимараттарында жайлы жағдайларды ұйымдастыру кажет болып отыр.

«Сервистік әкімдік» жобасы осы мәселені шешуге бағытталған. Себебі, аталған ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін барлық жағдайлар жасалған: күту залында ыңғайлы орындықтар, кондицинер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған. Өзін-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған. Аталған бұрышта үстел, орындық және интернетке қосылған дербес компьютер қойылған. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін қажет барлық жабдықтармен «Сервистік әкімдік» жобасының ғимараты толығымен қамтылған.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда адамдарың алатын орны маңызды. Азаматтар мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыруға белсенді араласуы қажет. Бұл мақсатта халықтың менталитетін өзгерту, сана-сезімін жаңарту көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстандықтардың сана-сезімін жаңғыртуға, әлемнің дамыған елдерімен интеграциялануға және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатымен, жоғарыда аталған «Сервистік әкімдік» ғимаратындағы мемлекеттік тілдегі барлық жазулар латын графикасымен жазылған.

Қазіргі таңда, облысымызда 2 941 033 мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, олардың ішінде қызметтердің 66,3 % электрондық нысанда ұсынылады. Баламалы түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 75 % құрайды. Бұл үрдіс болашақта өзінің оң жалғасын таппақ. Осыған байланысты, мемекеттік қызметтерді көрсетуде цифрлық, инновациялық технологияларды қолдану, қызметтерді ұсынуды толығымен электрондық нысанға аудару заман талабы.

Дегенмен, халық мемлекеттік қызметтерді толығымен электрондық нысанда алуға дайын емес. Бұл мәселені шешу үшін Департаментпен көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Аталмыш бағытта негізгі екпін жастармен жұмысқа қояды. Мысалы, Алматы облысының Жастарға қызмет көрсету орталығында жоғары оқу орындардың, колледждер мен лицейлердің 240 студенті e.gov электронды үкіметтің веб-порталын қолдану бойынша оқытудан өтті. Нәтижесінде, Департаментпен 2018 жылдың ақпан, наурыз айларында жастарды жұмылдыра Талдықорған қаласының халық көп жиналатын орындарында электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау шаралары өткізілген болатын. Барлығы 1500 адам қамтылды. Ауылдық округтердің әкімдіктерінде, колледждер мен облыстың жоғары оқу орындарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін 339 өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары – connectionpoint ашылды. 2018 жылдың 1-тоқсан көлемінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары – connectionpoint арқылы 2532 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату мен электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 12 семинар өткізілді. Барлығы 189 адам қамтылды. Талдықорған қаласында орналастырылған LED экрандарда, сондай-ақ 19 аудан мен қала тұрғындарына тұрақты түрде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша бейнероликтеркөрсетілуде. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 12 000 мәліметтер таратылып, аудандар мен қалаларда 38 билборд орналастырылды.

Оған қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қабылданған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тікелей жобасы болып табылатын «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы шеңберінде, бүгінгі күні Алматы облысындағы 7539 мемлекеттік қызметкердің 100 % электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтылған (ЭЦҚ).

Электрондық нысандағы мемлекеттікқызметтерді насихаттау мақсатында бюджеттік мекемелердің 42 996 қызметкерлері немесе пайыздық көрсеткіште 82,7 % ЭЦҚ-мен қамтылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында Департаменттің бастамасымен Талдықорған қаласының Арбатында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтерді көрсететін Талдықорған қаласы әкімдігінің бөлімдері мен ХҚКО қатысты. Шараның басты мақсаты электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні әлем елдері қарқынды даму үстінде, цифрлық технологияларды енгізуде жастардың ролін арттыру мемлекеттің дамуында алдыңғы орындарға шығуда.

Осы орайда, Департамент мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алуға көшу, аталмыш салада цифрлық және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жастардың қатысуымен жүзеге асыруда.

Бұл үрдіс болашақта да өз жалғасын таппақ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
115

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: