LANG_USER_MENU_CLEAR

Облыс әкімдеріне жобалық кеңселердің қызметіне жеке қызығушылық таныту ұсынылды

СНКР - Kapinfo.kz |

Облыс әкімдеріне «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалық кеңселердің қызметіне жеке қызығушылық таныту ұсынылды.

Өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» - «Адалдық алаңы» жобалары іске қосылды.

Жобалар мемлекеттік аппараттың жұмыс философиясын қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне максималды түрде бағыттай отырып, өзгертеді.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиналыста ««Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» - «Адалдық алаңы» жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Жобаның жарғылары жобалық кеңселердің әкімдіктермен өзара іс-әрекет механизмдерін қамтитындықтан, жергілікті атқарушы органдар бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Алик Шпекбаев қаңтар айындағы жобалық кеңселердің жұмыс нәтижелерін тыңдап, жобалық кеңселер мен әкімдіктердің өзара іс-әрекет деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.

Жобаларды табысты түрде іске асыру үшін облыс әкімдерінің жеке қызығушылығы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиналыста өңірлердегі халық үшін басым маңызы бар жобаларды анықтады.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары апта сайынғы аппараттық жиналыстарда жобалық кеңселердің қызметіне қатысты мәселелерді қадағалайды және тыңдайтын болады. Өз кезегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері ай сайын кеңселік жобалардың проблемалық аспектілерін қарастырып, олардың шешілуіне үлес қосуы туралы шешім қабылданды.

Бірқатар нақты нұсқаулар берілді.

Еске салайық, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» - «Адалдық алаңы»» жобаларын жүзеге асырудың басты мақсаты - қоғамның санасын трансформациялау және адал емес көріністерге қарсы тұрақты төзбеушілікті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

00:00
312
BIGNEWS

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!