«ҰЛТ ЖОСПАРЫ – 100 НАҚТЫ ҚАДАМ» - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРМЕК
BigNews.kz |
Ұлт жоспарының бірінші бағыты – кәсіби мемлекеттік аппарат құрып, мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. Сонымен қатар, кадрларды іріктеудің нәтижесінде жоғарылаудың жолдары қарастырылған.
Алматы облысының аудандарында мемлекеттік қызметкерлермен қазіргі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы семинар өткізу аясында Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні Ұйғыр ауданына барып қайтты. Семинарға барлығы 150 мемлекеттік қызметші қатысты.
Ұйғыр ауданында жалпы саны 183 әкімшілік мемлекеттік қызметші бар. Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, кешенді аттестаттаудан ауданның 108 мемлекеттік қызметкері өтіп, оның қорытындысы бойынша 20 – жоғарылатуға ұсынылса, 83 – атқарып отырған лауазымына лайық деп танылып, 5 – атқарып отырған лауазымынан төмендетуге ұсынылған.
Семинар барысында С.Нұрғисаев елімізде «А» корпусы кадр резервіне іріктеу науқанының басталғаны туралы ақпараттық мәлімет берді. Сонымен қатар, Департаментпен атқарылған жұмыстарға яғни, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталып өтті.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Комментарии