ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ ДЕРТ
Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.
Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықты болдырмау үнемі назарда үсталып келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлық – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, айналып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса, бәріміз қоғам болып, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.
Комментарии