АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тип статьи:
Авторская
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнан, соларға сәйкес шығарылатын басқа да нормативтік актілерден тұрады. Жалпы, авторлық құқық дегеніміз - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары. Авторлық құқықтың қолдану аясы - Казақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ авторлардың не оның құқықтық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан ел аумағында қандай да болсын объективті нысанда болатын туындыларға қолданылады. Авторлық құқық ауызша, жазбаша, үнжазба немесе бейнежазба, бецйнелеу, көлемді-кеңістікті объективті түрлерге ие болады. Осы құқықтың объектілері болып әдеби, драмалық, музыкалық-драмалық, дыбыс-бейнежазу, кескіндеме, мүсіндеме, бейнелеу, қолданбалы өнер, қарталар, жоспарлар өзге де туындылар табылады.

Авторлық құқық автордың бүкіл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Авторлық құқығын қорғауға шек қойылмайды. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.

Талдықорған қалалық Әділет басқармасының инспекторы, "Қазақстан заңгерлер Одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының мүшесі С.Елеуова

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
2138

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!