Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-мен бірлесіп өткен жылдың соңында Комитеттің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының лауазымды тұлғаларына және жеткізуші компаниялардың өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғауы туралы белгіленді.

Криминалдықсхема мемлекеттік материалдық резервке МЕМСТ талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерін жеткізуде болды. Залалдың жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам құрады.

Қылмыстық жауапкершілікке 24 адам, оның ішінде Комитеттің бұрынғы екі басшысы тартылуда. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды, қылмыстық іс материалдармен танысу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін ол сотқа жіберіледі.

Жалпы, ведомствоның жұмыс істеген кезеңінде жымқыру және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті органның 5 басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін ескере отырып, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Агенттік Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резерв Комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Нәтижелері бойынша сапасы лайықсыз өнімдерді мемлекеттік материалдық резервке жеткізумен, материалдық құндылықтарды жаңарту тетігінің кемшіліктерімен, операция жасау жүйесінің (салу, сақтау, жаңарту) жетілмеуімен, қойма шаруашылығының ескірген желісімен, қазіргі заманғы бақылау жүйесінің жоқтығымен және т.б. байланысты бірқатар жүйелі проблемелар анықталды.

Агенттік Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова атап өткендей: «Талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспарға енгізілген. Қазіргі уақытта оның белсенді іске асырылуы жүріп жатыр... Талдау кезінде Комитет тарапынан және шешу жолдарын әзірлеу барысында толық қолдау мен түсіністік болды, Агенттіктің барлық ұсыныстары қабылданды. Сонымен қатар, олар жағдайды түзету бойынша қосымша шаралар ұсынды».

Өз тарапынан, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резерв Комитетінің төрағасы Ілияс Испанов Агенттікке ведомство қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгілеу бойынша жүргізілген жұмысы үшін алғысын білдіріп, оларды жою бойынша қабылданған шараларды белгіледі.

17:25
171

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: