Жобалық кеңсе – нәтижелі жұмыстардың алаңы болуы тиіс

Жобалық кеңсе – нәтижелі жұмыстардың алаңы болуы тиіс

BigNews.kz |ҚР Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі министрлік пен оның ведомстволық бағынышты құрылымдарында сыбайлас жемқорлықты алдын алудың қоғамдық бақылауын жүзеге асыру үшін ашылған. Әрине, жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) алмастырмауы және бақылау-қадағалау немесе жедел функцияларды іске асырмауы тиіс.

Министрліктің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев: «Жобалық кеңсе аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді әзірлеу нормаларды қатаңдатуды ғана емес, олардың материалдық және материалдық емес уәждемесіне әсер ететін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жағдайын жақсартуды да қамтитын кешенді білдіруі тиіс.

Жалпы, шаралар 6 бағыт бойынша әзірленеді:

- кедендік бақылау;

- салық салу;

- экономикалық тергеу қызметі;

- мемлекеттік сатып алулар;

- мемлекеттік аудит;

- мемлекеттік активтерді басқару», - деп атап өтті.

Өз кезегінде жобалық кеңседе қандай да бір нормалар мен процедуралардағы сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында қолданыстағы механизмдерді жақсарту және жетілдіру бойынша талдамалық жұмыс жүргізілуі тиіс.

ҚР Қаржы министрлігінің жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Олжас Құдайбергенов әзірленіп жатқан шаралар Министрліктің құзыретіндегі мәселелерге ғана емес, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуді талап ететін мәселелерге де қатысты болуы тиістігін айтты.

Жобалық кеңсе Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен тұрады. Олар жұмыстың бар қыр-сырын түсінеді, әрі түрлі тараптан сарапшыларды тарту мүмкіндігі бар. Әлбетте, белгілі бір нормаларды жақсарту не жетілдіру кезінде жұртшылықтың ұсыныстары құпталады.

Жобалық кеңсе – нәтижелі жұмыстардың алаңы боларына сенім мол. Спикерлер жобалық кеңсе өз ішінде де, министрлікпен де сенімді атмосфера құруға және осы жобалық кеңсенің мақсаттары шеңберінде барынша пайдалы қызмет етеді деп қорытындылады.

09:51
138

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: