Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер қоғам белсенділерін оқытты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер қоғам белсенділерін оқытты

BigNews.kz |Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер қоғам белсенділерін «сұр» схемаларды ашуға арналған құралдармен «жабдықтады». Ағымдағы жылғы шілде айынан тамызға дейінгі аралықта Агенттік «Транспаренси Казахстан» компаниясымен бірлесіп, БҰҰДБ және ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептер өткізді.

Ұйымдастырылған бағдарлама аясында әлеуметтік белсенді халық арасынан 715 адам (студенттер, журналистер, құқық қорғаушылар, тәжірибеден өтуші заңгерлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық және қазақстандық тәжірибелер туралы түсініктерін тереңдете түсті, мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіріп, тиісті сертификаттарға ие болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің тыңдаушылары материалдардың сапалы, қол жетімді әрі түсінікті берілгенін айтайтып, мазмұнын жоғары бағалады.

Тренингтердің қорытындысы бойынша түлектер заң шығару қызметі және басқа да мемлекеттік процестері, бюджетті қалыптастыру және орындауда қолданыстағы қоғамдық бақылау құралдары мемлекеттік жоспарлау сатысында «сұр» схемаларға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді деген шешімге келді. Семей қаласы белсенділерінің бірі: «ЭЦҚ, компьютерің және ниетің болса болғаны, мемлекет өміріне қатысуға болады» дейді.

Мемлекет өміріне азаматтық қатысу тетіктерінің қарапайымдылығы белсенділерді шабыттандырды.«Мен өз мүмкіндіктерімді білдім, енді енжар бола алмаймын», «Біз АМТ мен қоғамдық кеңестерге қатысуға өтініш береміз деп шештік» - деп Тараз қаласында атап өтті.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп бітірушілері адалдықтың «елшісіне» айналған лекторлар пулының негізін құрады.

Еріктілер негізінде олар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және әдепті жетілдіруге бағытталған дәрістер мен тренингтер өткізеді. Бүгінгі таңда «адалдық елшілерінің» күшімен 40 000-ға жуық адам өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырды.
19:54
157

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: