ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

BigNews.kz |

Бүгінгі таңда кез келген сала сыбайлас жемқорлыққа бейім, оның ішінде мәдениет саласы да. Жалпы атап айтқанда, бұл салада бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алады. Олардың ішінде: ұйымдастыру-басқару қызметіндегі мүдделер қақтығысы, мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасын бұзу, материалдық төлемдер мәселелері, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалану.

Осындай заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында және қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру үшін бүгін Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы мəдениет сарайында Алматы облысының мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығымен «Парасаттылық пен адалдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» атты акциясы аясында басқарма басшысы Марлен Қапашұлы Көлбаевтың жүргізуімен «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» атты жиын өтті.

Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Жұмаханұлы Садықов, Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы Еділ Əбілмəжінұлы Тлеуберлинов арнайы шақыртылып, жиынға қатысушы мəдениет саласы қызметкерлеріне баяндама оқып,жемқорлықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

500-ге жуық адамның қатысуымен өткен жиынға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы және Алматы облысы мамандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымдары қатысты.

Жиын соңында жиынға қатысушылар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып, көкейде жүрген біраз сауалдар жауабын тапты.

Дополнительное фото:
ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ 0ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ 1ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ 2ТАЛДЫҚОРҒАНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ 3
12:24
710

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: