Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

BigNews.kz |

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген кеңесінде агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешім қабылдауға және түрлі жағдайлар мен трендтерге тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттілігі туралы жариялады.

А.ж. 15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өтті.

А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегі кемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуы тиіс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуі қажет.

Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғары әкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді.

Іріктеу механизмі клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.

Іріктеудежоғары білімі бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар да қатыса алады.

Сонымен бірге, іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.

Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.

12:29
181

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: