LANG_USER_MENU_CLEAR

ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕТІН, АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛУ МІНДЕТІ ТҰР

ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕТІН, АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛУ МІНДЕТІ ТҰР

BigNews.kz |

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050»стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» – деп атап өтті.

Агенттігі қызметінің негізгі стратегиялық бағытының бірі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, оларды электронды форматқа көшіру болып табылады.

Бүгінгі күні қызмет барысындағы орын алатын кемшіліктерге қарамастан, Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы стратегиялық мінеттерді орындау бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда.

Жалпы республикада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі 746 мемлекеттік қызметтерден тұрса, оның 422-сі Алматы облысында көрсетіледі.

Департаментпен, бірінші кезекте тұрғындардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша мемлекеттік органдар жұмысын бағалау мен алған қызметтерімен қанағаттануы деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытында облыс көлемінде 70 «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында информатика пәнінің бір мыңнан аса мұғалімі Электронды үкімет порталында жұмыс жасау бойынша оқыту курстарынан өтті. Аталған мұғалімдер өз кезегінде порталда жұмыс істеуге 34 000 оқушыны үйретті.

Сәйкесінше, оқудан өткен оқушылар өздерінің порталды қолдану бойынша үйренген тәжірибесін үйдегі ата-аналарына көрсеткен болса, шамамен 60 000 аса облыс тұрғыны портал жұмысымен танысты.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауда, қоғам белсенділерінің, қоғамдық ұйымдардың ролі зор.

Бұл ретте, Департаментпен мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалау мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп белсенді жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы мерзімде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың 90 мекемесінде қоғам белсенділерімен бірлесіп «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде тұрғындардан көрсетілген қызметке төлем ретінде заңсыз қабылданған 35 000 теңге көлемінде қаржы қызмет алушыларға кері қайтарылды, орын алған 97 заң бұзушылықтар бойынша 37 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыстық арнайы мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша Ақсу, Алакөл, Ұйғыр және Көксу аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орналасу жерлері, аумағы мен көлемі, қазіргі уақыттағы техникалық жағдайлары бойынша ортақ талаптарға сай келмейтіндігі анықталды.

Аталған мәселе бойынша Департаментпен Алматы облысы әкімдігіне тиісті ұсыныс енгзіліп, жоғарыда аталған аудан әкімдіктерімен құрылысқа қажетті жер телімдері бөлініп, ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қатысты бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасы мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылған.

Облыс бойынша 7,5 мың мемлекеттік қызметшінің барлығы 100 % электронды-цифрлық қолтаңбамен қамтылды.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында қарапайым тұрғындарға үлгі болу үшін, барлық мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтерді тек электрондық нысанда алу тапсырылды.

Облыстың аудандық және қалалық әкім аппараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау бөлімдері ашылды.

Аталған бөлімдердің қарқынды жұмысы бірінші басшылардың үнемі назарында болып, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халық пен қызмет берушінің арасындағы кері байланысты орнатуға, тұрғындардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасымен қанағаттануы деңгейін жоғарылатуы тиіс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев

16:14
40
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: