LANG_USER_MENU_CLEAR

СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАЛАРҒА ОРНАЛАСТЫРУ ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАЛАРҒА ОРНАЛАСТЫРУ ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

BigNews.kz |

Арнайы мониторинг тобы мүшелері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері бірлесіп оқу орындарының жатақханаларында мониторинг жүргізуде. Мониторинг барысында жатақхана бөлмелерінің студенттерге қолжетімділігі және оның тұрмыс жағдайына баса назар аударылды.

Мониторинг көрсеткендей, бүгінгі таңда жатақханалардың 70 пайызына студенттер орналасып үлгерген, қалған бөлмелерге орналасу жалғасуда. Сондай-ақ, мониторинг жатақханада студенттерден тыс оқу мекемелерінің қызметкерлері де тұратынын көрсетті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жатақханалардағы ағымды жөндеу жұмыстары толық аяқталмағаны анықталып отыр.

Жатақханалар қабырғасында бөлме алу үшін қажетті құжаттар мен талаптар жайлы ақпараттың жоқтығының салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындап отыр.

Арнайы мониторинг тобы мүшелері жатақхана меңгерушілеріне алдағы он күндікте анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс берді.

Аталған жұмыстар әлі де жалғасуда.

Егер Сізге бөгде адамдардың студенттер жатақханаларына заңсыз орналасуы белгілі болса, тез арада шара қабылдау үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Агенттік) Алматы облысы бойынша департаментіне хабарлай аласыз (Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқарамасының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлы, ұялы.тел.: 8 777 717 67 67, жұмыс тел.:8(7282)24-13-12).

Сонымен қатар, Агенттік оқытушылар мен студенттерді білім беру үдерісінде академиялық адалдық пен әділдік принциптерін ұстануға шақырады.

15:58
63
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!