LANG_USER_MENU_CLEAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

BigNews.kz 2018 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республкасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Ләззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова Әдептілік деңгейін көтеру бойынша кешенді жоспарды орындау мақсатында Кербұлақ ауданы әкімдігінің, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары және мамандары қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, әр мемлекеттік қызметкер ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаларын ұстануға міндеттілігі айтылды. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті. Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірбиесін жүзеге асыратын қызметіне жұмсауы қажет.

Сондай-ақ, кездесу соңында Л. Бейсеқұлова жеке қабылдау өткізіп, бір қатар мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта жұмыстарына ұқыппен қарап, жалпы қабылданған Әдеп нормаларын ұстануға кеңес берді.

Дополнительное фото:
12:51
243
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!