LANG_USER_MENU_CLEAR

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

BigNews.kz «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны» жүзеге асыру және жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы Ләззат Бейсеқұлова Қапшағай қаласында орналасқан республикалық «Балдәурен» жазғы лагерінде демалыстағы жасөспірімдермен кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстанның барлық қалаларынан келген 400-ден астам балалар қатысты.
Осындай іс-шаралар балалардың ұлтжандылығын арттыруда, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін залалын түсіндіруде үлкен рөл атқарады.
Шара аясында викториналар, суреттер байқауы және танымдық ойындар өткізілді.
Балалар осы байқауларға қатысып, өзедірінің көзқарастарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін ұсынды.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі ретінде айқындалады. Бұл мемлекеттік саясаттың нәтижелері балалардың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауына әсер етіп, осы құбылысқа теріс пікір қалыптастырды.
Бұдан күтілетін нәтиже - сыбайлас жемқорлықтың тигізетін қауіп-қатерін білетін қалыптасқан тұлғаны дайындау болып табылады.
12:33
256
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: