LANG_USER_MENU_CLEAR

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

BigNews.kz |

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттерді, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықты электронды түрде берілетін қызметтер туралы хабардар ету, қызмет алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбалар беру, мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларды электронды түрде берілетін қызметтерді алу дағдыларына үйрету мақсатында Панфилов ауданы әкімі аппараты мен Үлкеншыған ауылдық округінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 31 шілдесі күні Кішішыған ауылдық Мәдениет үйінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара сағат 15.00 мен 16.00 аралығында болып, 55-ке жуық адам қатысты. Жәрмеңкеге жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері қатысты.

Жәрмеңке барысында округ тұрғындары қажетті әдістемелік кеңестер алды. Әсіресе, тұрғын үй қатынастары, жәрдемақы төлеу, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша кеңес алуға сұраныс көп болды.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Алматинской области
12:07
281
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: