МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектенов азаматтардың сұрақтарына жауап береді

BigNews.kz |МҚІСЖҚА төрағасы орынбасарының интернет-конференциясы бүгін, Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.
Агенттік Төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.
Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
Комментарии