LANG_USER_MENU_CLEAR

Кітапты оқы - жетістікке қадам бас

Кітапты оқы - жетістікке қадам бас

BigNews.kz |11 шілдеде М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапты оқы - жетістікке қадам бас»челенджіне (сhallenge) бастама берілді. Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ақмола облысының мәдениет басқармасымен бірлесе отырып өткізілді.

Іс-шараға БАҚ, «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесінің өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Челендж мақсаты мемлекеттік қызметшілерді кітап оқуға, өзін-өзін дамытуға ынталандыру, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара кітапхана бойынша қысқаша экскурстан басталды, жас мемлекеттік қызметшілердің назарына мобильдік кітапхана, коворкинг орталықтары және «100 жаңа оқулық» жобасының аясындағы кітаптар көрмесі көрсетілді.

Департамент қызметкерлері «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының негізгі мақсаттары мен бағыттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен оқуға ұсынылған кітаптармен таныстырды. Кітаптардың бұл жинағы өзін-өзі дамытуға, жұмыстың нәтижесіне жетуге, тұлғаның толықтай өзгеруіне бағытталған.

Кітаптардың тізімі мен электрондық нұсқалары челендж қатысушылары арасында таратылып, олардың алдына осы кітаптарды жеке оқу және өзін-өзі дамыту идеясын өз ұжымында, сондай-ақ,, айналасындағы адамдарға тарату міндеті қойылған. Челендж қатысушылары кітап оқу бастамасын танытып, осы идеяны қоршаған ортаға таратып, өзінің өзгерістерге ашық екендігін көрсететіне сенімдіміз.

Челендж қатысушыларына оқыған кітаптар туралы әлеуметтік желілердің блоктары мен аккаунттарында бөлісу қажет. Қатысу туралы білу үшін қатысушылар өз жазбаларын #букчелленджсаморазвитие тегімен белгілеу қажет.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:58
233
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: