Ақмола облысындағы инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу

BigNews.kz |А.ж. 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментімен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы аясында «Тумарым» КҚҚ өкілі С.С. Пакпен жер учаскесіне құқығын ресімдеу сұрағы бойынша Бурабай ауданы әкімі орынбасары, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуымен жұмыс кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында туындаған мәселелері шешу үшін Департаменттің мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету аясында жер учаскесіне мемлекеттік актіні ауыстыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ жүгінуге ұсынысы берілді.
Сонымен қатар, инвесторларды ақпараттандыру мақсатында Ақмола облысындағы ивестициялық жобаларды жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің тәртібі мен механизмдерін түсіндіру бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Комментарии