Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы

BigNews.kz |2018 жылғы 13 шілде күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімінде өткізілген кезектен тыс тексерістің қорытындысы келтірілді, күн тәртібінің көрсетілген тақырыбы бойынша «Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-сі басшысының м.а. Ғалымжан Ахметжанұлы Мырзахметов тындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлермен электронды көрсетілген мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мәселесі бойынша департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов сөз сөйледі.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелерімен және шақырылған қонақтармен жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ жұмыс тобымен барлық мемлекеттік қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алу олардың танымалдылығын арттыруға оң әсер етіп, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жүктемесін төмендететіндігі өзгеше аталып өтті.
Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
Комментарии