LANG_USER_MENU_CLEAR

Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқуға түсетін талапкерлердің ата-аналарымен кездесу

Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқуға түсетін талапкерлердің ата-аналарымен кездесу

BigNews.kz | А.ж. 16 шілдеде «Достар» мәдениет сарайында күндізгі оқу түріне түсетін талапкерлердің ата-аналарымен Көкшетау техникалық институтында оқуға үміткерлерді іріктеу сайысы кезінде Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының орындалуына арналған жиналыс өткізілді.

Жиналысқа Қабылдау комиссиясының төрағасы, КТИ бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д.Шәріпханов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің, Ақмола облысы ІІД ӨҚБ, Департаменттің, «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қабылдау комиссиясының мүшелері Көкшетау техниқалық институтына оқуға түсу үшін белгіленген қағидаларды және талаптары, әскери-дәрігерлік комиссияны өту, дене шынықтыру сынағын өткізу бойынша талаптарды атап, оқуға қабылдау кезіндегі кейбір қосымша мәселелерді, жалпы саны 350-ге жуық болған ата-аналар қауымына түсіндірді.

Кездесу барысында С. Беккажанова ата-аналардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды.

Сонымен қатар, Департамент өкілі ата-аналар қауымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыс туралы баяндады және қазіргі уақытта жұмыстың сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алдын алуға бағытталғаны туралы айтты.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:53
224
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: