LANG_USER_MENU_CLEAR

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ!!!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ!!!

BigNews.kz |Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында сындарлы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және бірлескен тиімді шараларды қабылдау мақсатында Агенттік ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) шеңберінде Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарымен белсенді өзара әрекеттесуде.

Осылайша, 2018 жылғы 2 шілдеде Ереван қаласында Кеңестің кезекті отырысы өтті, оның барысында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама халықаралық жастар байқауын өткізу бойынша бастамамен шықты (Ережелер қоса беріледі).

Армения Республикасының Бас прокуратурасы, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы, Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі байқауды бірлесіп ұйымдастырушылар болып табылады.

14 жастан 35 жасқа дейінгі қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбындаплакаттар және бейнелер форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу ұсынылады, онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсеткен жөн.

Жұмыстарды қабылдау 2018 жылғы 2 шілдеден бастап 19 қазанға дейін кезеңде www.anticorruption.lifeбайқаудың ресми сайтында жүзеге асырылады.

Қазақстанның ең үздік жұмыстары жартылай финалға шыққандарды іріктеу бойынша ұлттық байқау комиссияның отырысында анықталады және халықаралық қазылар алқасының қарауына жолданады.

Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсанында жоспарланған.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:49
209
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: