Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері
Мемлекеттік қызметшілердің мінсіз қызмет етуін қадағалайтын орган – Әдеп жөніндегі кеңес. Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осылай деп атап өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев ағымдағы жылдың І тоқсанында облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына тоқталды.
2018 жылдың І тоқсанында Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізіліп, барлығы 31 мәселе қаралған, оның ішінде тәртіптік іс - 26.
Әдеп жөніндегі кеңес кесімімен тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 24 тұлғаға тиісті тәртіптік жазалар қолдану ұсынылған, атап өтсек, төртеуіне мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін болса, ал 20 мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін жаза қолдану ұсынылған.
Comments