ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫРУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алматы облысында «Бизнес және инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобасын таныстыру белсенді түрде жалғасуда.
Ағымдағы жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы брйынша Департаментінің мамандары «Бизнес және инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобасын іске асыру барысында Қапшағай қаласының «Арна» өндірістік аймағында азық-түлік шығаратын «Маревен Фуд Тянь Шань» зауытының ұжымымен кездесу өтті.
Бұл зауыт - жалпы сомасы 10,5 млрд. теңгені құрайтын облыстың инвестициялық жобалар құрамына кіреді. Компания жұмыс атқаратын 2 бағыт - «MARketing» және «EVENt» деген екі сөздің бірігуінен құралған «Маревен» зауытының атауы қызығушылық танытты.
Зауыт ағымдағы жылдың 10 сәуірінде сынақ түрде азық-түлік шығарды. Қазіргі кезде өндірістік процестердің параметрлері өңделуде және қызметкерлерді жұмысқа алу және оқыту жалғасуда. Зауыт толығымен іске қосылғанда 500-ге жуық адамды жұмысқа орналастыру күтілуде. Қазір зауыт 3 түрлі өнім шығарады, өндіріс қуаттылығы – жылына 90 мың тонна.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы брйынша Департаментінің бас маманы Карбозова Меруерт жобамен және Департаменттің жалпы атқаратын жұмыстарымен таныстырды.
Комментарии