LANG_USER_MENU_CLEAR

«Eurasia Grop AG» инвестициялық жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу

«Eurasia Grop AG» инвестициялық жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу

BigNews.kz |А.ж. 17 шілдеде Ақмола облысының жобалық офисі алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы аясында «Eurasia Grop AG» өкілімен Ақмола облысында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департамент басшысы Б.М.Беспалинов және «KAZAKH INVEST» аумақтық директоры А.К.Модабековамен бірлесіп Ақмола облысында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу тәртібі, жаңа механизмдер, сонымен бірге, жобаның оң және қызықты жақтары түсіндірілді.

Бірінші кезекте, жобаның іске асыру аясында көрсетілген жоба мүмкін табылатын сыбайлас жемқорлық қатерлерді азайтуға әсер етеді.

Жобаның ашықтығы мен сындарлылығы өңірге инвестицияларды тарту мен бірге, инвестициялық климатты жақсартудың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа бір алғышарты болып табылады.

Кездесу барысында инвестициялық жобаның өкілдері ынтымақтастыққа қызығушылығын және дайындығын білдірді.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:52
185
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: