Жетісулық мемлекеттік қызметшілер бірауыздан қайырымдылық акциясын қолдады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және«Милосердие» Қоғамдық қоры «Алға басу – движение вперед» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіру акциясын өткізді.
Аталған іс-шара 2018 жылғы 16 маусымда сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай, республикамыздың барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында бірыңғай стартпен – бір күні, бір сағатта басталды.
Сонымен қатар, Алматы облысының аудан, қалаларында да мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жоғарыда көрсетілген күні мен уақытта акцияны өткізді.
Талдықорған қаласында өткізілетін қайырымдылық жүгіруге 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысты, бұдан бөлек облыстың аудан, қала орталықтарында 2000-нан мемлекеттік қызметшілері мәреге шықты.
Облыс бойынша 2 млн. теңгедей қаражат қайырымдылық қорына аударылды.
Қайырымдылық жүгірудің ережесіне сәйкес, жүлделі орын алған жеңімпаз қатысушы арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталады, сондай-ақ барлық жарысқа қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.
Комментарии