МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ КЕРЕК
Бүгін Талдықорған қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев мемлекеттік қызметке жастардың қызығушылығын арттыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Мысалы, республика бойынша біріншілердің қатарында болып, Алматы облысында 2018 жылғы наурызда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебін ашты мектебі ашылды.
Мақсаты жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, болашақ мемлекеттік қызметшілердің пулын жасақтау, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту ісінде белсенді жастарды тәрбиелеу.
Comments