LANG_USER_MENU_CLEAR

Брифинг өтті

Брифинг өтті

BigNews.kz |А.ж. 25 шілде күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Ақмола облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу байқауының ақпараттық жариялануы бойынша брифинг өткізді.

Байқауды ұйымдастырушы – Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы

Байқаудың мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру ісінде қоғамның мемлекеттік билік органдарымен өзара байланыс тәжірибесін қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алуға Арменияның, Беларусьтың, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің және Тәжікістанның жастарын тарту.

Байқауға қатысатын жұмыстардың авторлары мен бірлескен авторларының жасы 14-35 жас аралығында.

Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:

• Үздік плакат;

• Үздік бейнеролик.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең – жартылай финал ( 2018 ж. 2 шілде – 12қараша)

Байқауға қатысатын жұмыстар Байқаудың http://anticorruption.life ресми сайтында қабылданады.

Байқауға қатысатын жұмыстарды қабылдауды бастау мерзімі 2018 ж. 2 шілдесінің 10:00 сағатынан бастап (москва уақыты бойынша)

Байқауға қатысатын жұмыстарды қабылдауды аяқтау мерзімі 2018 ж. 19 қазанның 17:00 сағаты (москва уақыты бойынша)

Екінші кезең – финал(2018 ж. 13-23 қарашасы аралығында).

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2018 ж. желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай өткізіледі.

Марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны туралы толық ақпарат Байқаудың http://anticorruption.life ресми сайтында жарияланады.

Источник:
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области
14:48
78
Сейтмаганбетова Жазира

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: