LANG_USER_MENU_CLEAR

КАДР ҚЫЗМЕТІ ҮШІН СЕМИНАР

BigNews.kz |

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» мәселесі 2017 жылдың 21 қарашасында облыстық әкімі аппаратының, облыстық мәслихат аппаратының, тексеру комиссиясының, облыстық жергілікті атқару органдары, орталық мемлекеттік органдарының, қалалық, аудандық әкімі аппараттарының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді. Қатысқандардың саны 81 адам құрады.

Күн тәртібінде Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін сақтау туралы мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар және аталған бағытта өткізілген талдаудың нәтижелері талқыланды. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша Ережелері қатан түрде сақталуы туралы ескертілді.

Одан басқа, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына арналған конкурс өткізу тәртібі, аттестаттау комиссиясының шешімдерінің орындалуы, жергілікті атқарушы органдарының біліктілік талаптары туралы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары жөнінде 2017 жылдың көрсеткіштері мен 2018 жылға арналған жоспары, мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы, көрсеткіші және «Е-қызмет» ЫАЖ мемлекеттік органдардың деңгейі туралы және меритократия үрдісінің сақталуы, төменгі лауазымнан жоғары лауазымға тағайындаулар бойынша мәселелер қарастырылды.

Семинардың өткізу барысында туындаған өзекті сұрақтарға Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері толық жауап берді.

17:50
228
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: