«АДАЛ ЖОЛ» жобасы шеңберінде

«АДАЛ ЖОЛ» жобасы шеңберінде

BigNews.kz |Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірігіп «Адал жол» жобасы шеңберінде «Жолаушылар поездарына билет тапшылығын жою, билетсіз поезда жүруге жол жоқ!» акциясы бойынша алдағы қысқы мереке күндері қарсаңында қатынайтын жолаушылар поездарының қызмет сапасына, поездардағы жол құжатынсыз қатынайтын жолаушыларға, билет кассаларының қолдан жасайтын билет тапшылықтарына тосқауыл қою жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың 01-18 желтоқсан аралығында 13 жолаушылар поезы тексеріліп, 25 жол жүру құжаттарынсыз (билетсіз) жолаушылар анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қарастырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Акция жұмыстары 2020 жылдың 04 қаңтар аралығына дейін жалғасады.

18:11
252

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: